Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды
© polisia.kz
273
оқылды
Ақтөбе облысында жол апатынан  екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 1 қыркүйек күні сағат 18.25-те “Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық” автожолында Шұбарқұдық ауылынан 89 шақырым жерде Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны, ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Шұбарқұдық кентіне келе жатып, рөлді басқара алмай, оң жағына аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы алған дене жарақатынан көз жұмды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аймақтың бас полицейі Атығай Арыстановтың айтуынша, апаттар туралы статистика жүргізушілердің барлығы бірдей өз қауіпсіздігіне мән бермейтіндігін көрсетеді.