Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз жұмсалып жатыр
Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз жұмсалып жатыр
228
оқылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­ды­ғында Мемлекет басшысы пан­де­миядан кейінгі кезеңде еліміздің одан әрі экономикалық дамуының нақты мақсаттарын қойды. Ендігі жерде Президент жүктеген міндеттемелердің орын­далуын қамтамасыз ету қажет. Заң шы­ғарушы және атқарушы билік пан­демияға байланысты қиын уақытта аза­маттардың мүддесі үшін жұмыс істеуі ке­рек.  Халық пен кәсіпкерлерге қолдау көр­сетілуі нақты айтылды. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы – 2025» биз­несті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, жеңілдікпен несие беру бағдарламасын ұзарту маңызды құрал болып са­налады.

Билік қызметін бағалаудың маңызды критерийі – салық тө­леу­шілердің әлеуметтік маңызды мақсаттарға беретін қаржы қаражатын пай­даланудың тиімділігі. Көбінесе бюджет пен Ұлттық қор қаражаты мақ­сатсыз жұмсалып, оның соңы сыбайлас жемқорлық құқық­бұзу­шылықтарға әкеп соғып жатыр. Осыған байланысты Парламент жыл соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқару туралы заң жо­ба­сын әзірлеуі қажет. Инфляцияның жоғары деңгейі, бағаның негізсіз өсуі қа­зақ­стандық кәсіпорындардың даму әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін шек­тейді.  Ұлттық экономиканың осалдығына алып келеді. Осыған бай­ланысты Президент инфляцияны 4-6% дәлізіне қайтаруды тап­сырды. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау проблемалары ауыл шаруа­шылығы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып ке­леді. Субсидиялардың қолжетімсіздігі, қаражатпен толық көлемде қам­тамасыз етілмеуі. Ақпараттық жүйелер жұ­мысындағы тұрақсыз­дық заңнаманың бұзылуына әкелді. Пар­ламент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қысқа мерзімде суб­сидиялау саясатының заңнамалық негізін нығайту туралы заң жо­басын әзірлеуі тиіс. Бизнесті ынталандыру, жалақыны көтеру, бірыңғай тұрғын үй бағ­дарламасын әзірлеу, экологиялық мәселелерді шешу секілді өзек­ті мәселе өз шешімін тапқанда ғана, халқымыздың әл-ауқатын арт­тыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бо­лады.

Ольга БУЛАВКИНА, Сенат депутаты