Мәжіліс депутаттары 1370 кездесу өткізді
Мәжіліс депутаттары 1370 кездесу өткізді
161
оқылды

«Nur Otan» партиясынан сайланған Мә­жіліс депутаттары 2 айдың ішін­де халықпен 1,3 мыңнан астам өңірлік кез­десу өткізді. Партияның баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, оған 17 мың­нан астам азамат қатысқан.

Өңірлік сапарлар қорытындысы бойынша 729 елді мекенде 2 мыңнан астам түйткілді мә­селелер мен сайлаушылардың ұсыныстары жи­­­налған. Олардың арасында қолданыстағы заң­наманы, әлеуметтік саланы, экономиканың не­­­­гізгі салаларын жетілдіруге, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мем­­лекеттік және жергілікті өзін-өзі басқаруға, эко­­логиялық жағдайларға қатысты түйткілдер бар. Жаңа оқу жылы қарсаңында Мәжіліс вице-спи­кері, «Nur Otan» партиясы фракциясы бас­шы­сының орынбасары Павел Казанцев пен де­пу­тат Бауыржан Сартбаев Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынған жаңа мектеп ғи­маратын аралады. «Тағы 1 200 бала жақсы жағдайда оқитын бо­ла­ды. Инклюзивті аспектілер де ескерілген. Бұл енді өмір сүру нормасына айналады. Ұжым жа­сақталды, оқулықтармен, құралдармен жаб­дықтау процесі жүріп жатыр. Сіздерге сәттілік, қы­м­батты ұстаздар! Біз сіздерді құрметтейміз, жақ­сы көреміз және әрқашан қолдаймыз!», – деді Павел Казанцев. Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, 2025 жылға қарай сайлауалды уәделерді орын­дау бойынша Жол картасы аясында 800 жаңа мек­теп салудан басқа, шағын қалаларда, аудан ор­талықтары мен ауылдарда жұмыс істеп тұрған 5 мың мектепті жаңғырту жоспарланған. Жас депутат Мәди Ахметов Солтүстік Қа­зақ­­стан облысының Тайынша ауылында болып, оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылар үшін са­лынған үйлердің құрылыс сапасымен таныс­ты. Үйлер 2 жыл бұрын салынғанына қарамас­тан, кейбіреулері қайта жөндеуді қажет ететін жағ­дайға жеткен. «Нақты бір құрылыс жүргізушісі жоқ, осы­ған байланысты үйлердің сапасы нашарлап, ол­­­­қылықтары көзге ұрып тұр. Бұл қоныс ау­дару­шыларды қоныстандыратын көптеген ау­дан­дардың бірінің ғана жағдайы. Мемлекеттік бағ­дарламаның стратегиялық маңызы бар еке­нін ерекше атап өткім келеді. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларды қолдау – «Nur Otan» сай­лауалды бағдарламасындағы маңызды тармақ. Бұл мәселені жеке бақылауымда ұстайтын бо­ла­мын», – деді Мәди Ахметов. Өз кезегінде фракция мүшелері Аманғали Бер­далин, Ғалымжан Елеуов және Зульфия Сүлей­менова Ақтөбе облысының Алға қала­сын­да тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Не­гіз­гі мәселенің бірі құрылыс материал­дары­ның қымбаттауы болып тұр. «Мысалы, әкелінетін арматура екі еседей қым­баттаған. «Nur Otan» партиясының өңірлік даму кеңесінде біз бұл мәселені көтердік. Ин­дуст­рия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрлігінің өкілдері жақын арада бұл жағ­дай­дан шығудың жолы табылатынына сендірді, құры­лысшыларға көмек көрсетіледі», – деді Аман­ғали Бердалин. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағ­дарламасы аясында 1 миллионға жуық отбасы үшін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу көз­дел­ген. Оның ішінде 284 мың көпбалалы және ке­дейлік шегінен төмен отбасылар, мүмкіндігі шек­теулі азаматтар, жетім балалар бар. Депутаттар Зарина Камасова, Ерлан Саби­ров және Игорь Панченко Өскеменге сапары ке­зінде денсаулық сақтауды дамыту мәселелерін тал­қылап, Шығыс Қазақстан облыстық көпса­ла­лы онкология және хирургия орталығының жұ­мысымен танысты. Медицина қызметкерлері дәрігердің мәртебесі туралы заң қабылдау идеясын ұсынды, сондай-ақ кадр тапшылығы мә­селесін де көтерді. Халық қалаулылары бар­лық айтылған ұсыныстарды жазып алды. Партияның сайлауалды бастамалары ая­сын­да медицина қызметкерлерін, соның ішінде ба­ла­лар дәрігерлерін даярлауға арналған грант­тар санын арттыру жоспарланып отыр. Жұ­мыс­тың тартымдылығын арттыру үшін дәрігер­лер­дің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге кө­бейеді. Петропавл қаласында «Nur Otan» фрак­ция­сының мүшелері Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода жергілікті электр техникалық зауытына барды. Келесі жылдың басында кәсіпорын то­лық іске қосылады, бірақ зауыт жұмысшылары ма­мандардың жетіспейтінін айтып жатыр. «Кәсіпорын үшін өндірістің 70% авто­мат­тандырылатыны үлкен артықшылық болмақ. Иә, кадр мәселесі бар, бірақ ол шешіледі. Біз бас­шылықпен сөйлестік, Мемлекеттік жеке серік­тестік аясында біліктілікті арттыру және қай­та даярлау курстары ұйымдастырылады. Тех­никалық және IT білімі бар мамандар тар­тылатын болады. Бұл бағыт сайлауалды бағ­дар­ламада да бар», – деді Дмитрий Колода.  

Мадияр ТӨЛЕУ