Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Депутаттар тұрғындар шағымын тыңдады

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қыркүйек 1, 2021
тұрғындар шағымы
37
қаралым

Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің де­путаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Мәлік Құлшар мен Снежанна Има­шева өңір тұрғындарын қабылдады.

Әуелі қабылдауға жалғызбасты ана келді. Тұрғынның айтуы бойын­­ша, денсаулығына байла­ныс­ты тұрақты жұмысы бол­ма­ған­дықтан 4 баласын асырау қиын­ға соғып отыр. Сонымен қатар ден­сау­лығына алаңдаған ана меди­ци­налық тексерістен өткізіп немесе дәрі-дәрмектермен көмек көр­се­тіл­се екен деген тілегін айтты. Ма­­­­териалдық көмек сұраған ана­ның барлық байланыс деректерін жа­зып алған депутаттар мәселе бойын­ша жауапты органдарға сауал жолданатынын мәлімдеді. Ке­лесі болып көршілес жатқан Ре­сей мемлекетінен өзінің туыс­қа­нын шекарадан эпиде­мио­ло­гиялық ахуалға байланысты әкеле алмай жүрген тұрғын келді. Ай­туын­ша, қазір туысқаны ауыр хал­де жатыр екен. Жанында қол­дау білдірер ешкім болмай тұрғаны аза­матты қатты алаңдатқан. Сне­жанна Валерьевна тұрғынның бұл мәселесін Үкіметке жолдайтынын жет­кізді.

Сондай-ақ қабылдауға Ауған со­ғысының ардагері мәртебесін ала алмай жүрген азамат бас сұқ­ты. Оның айтуы бойынша, осы мә­селемен жергілікті әкімдіктерге, жауапты мемлекеттік органдарға бір­неше рет барған. Бірақ ешқан­дай көмек болмай, үмітін үзіпті. Снежанна Валерьевна азаматтың бар­лық құжаттарының көшірмесін алып, жеке тұрғынның атынан ары­­зын қабылдап алды. Осы атал­ған мәселеге байланысты қыр­күйек айында жиын өтетінін айт­­ты. Тұрғындарға консуль­та­тив­тік және заңнамалық тұрғыдан кеңес берілді.

Бұдан бөлек, «Nur Otan» пар­тиясының Батыс Қазақстан об­лыс­тық филиалының кіші мәжіліс за­лында Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар мен Сне­жанна Имашеваның қаты­суы­мен өңірдегі барлық деңгейдегі фрак­ция мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында партия­ның алдағы 5 жылға арналған сай­лауалды бағдарламасын орын­дау жөніндегі Жол картасының жү­зеге асырылуы талқыланды.

Аталған мәселеге алаңдаған аза­маттар бұл мәселені көршілес жат­қан Ресей мемлекетімен бір­ле­сіп, мемлекеттік бағдарламалар ар­қылы меморандум құрғанды жөн санайды. Отырыс қорытын­ды­сы бойынша барлық аталған мә­селелерді шешу үшін ұсыныс-пі­кірлердің жинақталып, депу­тат­тар өз тарапынан Үкіметке сауал жол­дайтынын тілге тиек етті. Мә­жіліс депутаттары Жол карта­сын­дағы белгіленген барлық ша­ра­лардың атқарылуы өңіріміздің да­муы мен халқымыздың әл-ау­қа­тының жақсаруына бір септі­гін тигізеді деген сенімін білдірді.

М.ХАҚНАЗАР

Тегтер: Nur OtanдепутаттарМ.Хақназарпартиятұрғындар шағымы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Матч кезінде стадион шатыры опырылып түсті

Риота Мурата Головкинге алғысын айтты

Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен

Шымкенттегі жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен ер адам ұсталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»