Жолдау орындалу үшін мен не істеуім керек?
Жолдау орындалу үшін мен не істеуім керек?
238
оқылды

Президенттің Жолдауы – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стра­тегиялық жоспары. Бұл жос­пардан қоғамның әр мүшесі өзі­нің болашағына бағдар және мін­деттеме алады.

Жолдаудың атауы ұнады – «жұ­ды­рық­тай жұмылып іске кіріссек мақ­сатымызға жетеміз» деп тұр. Олай болса, кірісейік. Біріншіден, әрқайсымыз «Жол­даудың орындалуы маған не береді?» деген сұраққа жауап іздейміз. Ол Пре­зиденттің 5 бастамасында айқын көр­сетілген (төменгі жалақының кө­терілуі, салалық еңбекақылардың өсуі, зейнетақы қорынан қаржы қол­дану мүмкіндігі т.б.). Екіншіден, «Жолдау орындалу үшін мен не істеуім керек?» деген сұ­рақ­қа да жауап берейік. Мен, Қазақстан халқы Ас­сам­блея­­сы Аналар кеңесінің атынан «біз не іс­теуіміз керек?» деген сұраққа жауап із­дедім. Алдымызда келесі міндеттер тұр екен: – жауапкершілігі мықты, отан­шыл, спортпен шұғылданатын, ден­сау­лығы мықты ұрпақ өсіру; – қазақ тілін білетін азаматтарды тәр­биелеу; – балаларымызды мамандық таң­дауда ғылымға, педагогикаға, ме­ди­ци­наға, энергетика, ауыл­ шаруа­­шы­­лығына, IT технология­лары­на ба­ғыт­тау; – білім мен біліктілік арқасында өз еңбегімен табыс табуды (масыл­дық­тан арылу) үйрету; – тамырынан нәр алған немесе өз ұл­тының тарихын, салт-дәстүрін, діни негізін білетін, болашақта ақ­са­қал деген ұлы атаққа ие болатын ұл, ел анасы болатын қыз тәр­бие­леу; – алауыздыққа бармайтын, ұлы­лы­ғымен үлгі болатын, достықты ұлық­тайтын, үлкенге іні, кішіге пана бо­латын азаматтарды қалыптастыру. Бұл ең алдымен, ұлтына, дініне қарамастан, әр отбасының, әр ата-ана­ның қоғам алдындағы міндеті, жол­даудың тиімді орындалуына қо­са­тын үлесі. Ел Президенті бағдар беріп, бола­ша­ғымызбен таныстырды. Ол жос­пардың тиімді орындалуы эко­но­ми­камыздың тұрақтылығына, әлеу­ме­ті­міздің өркендеуіне және ең басты-сы біздің қоғамның ауызбіршілігіне, бекем бірлігіне байланысты. Мақсатымыз – мықты, әділ әрі озық мемлекет құру. Олай болса, сол мем­лекетті құратын, басқаратын, ал­ға бастайтын болашақ ұрпақ біздің үйі­мізде, аналар.

Назипа ШАНАИ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымымы