Рыбакина үшінші айналымға шықты
Рыбакина үшінші айналымға шықты
© lenta.inform.kz
111
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті. 

Елена Рыбакина «Үлкен дулы­ға» турнирінде рейтинг бойынша 19-ракетка ретінде тіркелген.  Бі­рінші айналымды ойдағыдай ең­сер­ген ол  екінші кезеңде  дү­ние­жүзілік рейтингте 62-орында тұр­­­ған француз Каролин Гарсиямен кездесті. Бір сағаттан  астам уа­қыт­қа созылған матчта отандасымыз қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен  ұтты. Рыбакина бәсеке барысында 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана алды. Брейкке қол жеткізе алмаған Гарсия 1 ғана эйсті місе тұсты. Аталған кездесу теннисшімізге қиынға соқпағанымен, келесі қар­сылас оңай шағылар жаңғақ емес. Дәлірек айтсақ, қарсыласы – 2018 жылғы Ролан Гаррос, 2019 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы, қазір рейтингте 13-орында тұрған румын спортшысы Симона Халеп. Оның биыл жара­қатына байла­ныс­ты сәтті өнер көрсете алмаға­нын да ескерген жөн. Халеп те екін­ші кездесуінде словакиялық Кристина Куцованы 6:3, 6:1 есебімен жең­ді. Теннис­сүйер қауым  үшін­ші айналымның тартысты өтерін болжап, жарысты асыға күтіп жүр. Бұл турнирге ел атынан Ярослава Шведова да қатысқан еді. Бірақ ол қарсыласына есе жіберіп, келесі айналымға өте алмады. Ал Александр Бублик екінші айна­лымға өтті.

Айбике ЖАНАСЫЛ