Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте коронавирустан 96 адам көз жұмған.
Пневмония 358 адамнан анықталып, 21 адам қайтыс болды. Аурудан 170 адам емделіп шықты.
Жалпы былтыр 13 наурыздан бастап 70 608 адам пневмониямен ауырған. 4506 науқас қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 58 796-ға жетті.