Елде шаштараз қызметі 8% қымбаттады
Елде шаштараз қызметі 8% қымбаттады
Сурет: depositphotos.com
744
оқылды

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында шаштараз бен сұлулық салондары 16,5 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 80,9% көп. Өткен жылмен салыстырғанда олардың қызметі 8% қымбаттаған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады. 

Еске салсақ, өткен жылы Covid-19 пандемиясына байланысты шаштараз бен сұлулық салондарының қызметтері 9,1 млрд теңгеге қысқарды. Ауылдық жерлердегі осы сектордағы қызметтер 2 есе өсіп, 898 млн теңгеге жетті. Бұл да рекордтық көрсеткіш болып саналады. Ақылы қызметтер бағасы:
  • 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында – 4,6% өсті, бұл соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш;
  • 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында – 7,5% өсті, бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Өткен жылы шаштараз бен сұлулық салондарының жабылуына байланысты оларға деген сұраныс артты. Осы орайда, республика бойынша 2021 жылы шаштараз қызметі екі қалада қымбат болды:
  • Алматы қаласында әйелдердікі – 3 780 теңге, ерлердікі – 2 846 теңге;
  • Нұр-Сұлтанда әйелдердікі – 3 734 теңге, ерлердікі – 2 123 теңге.
Ал ең арзан баға Түркістанда тіркелді: әйелдердікі – 1 436 теңге, ерлердікі – 1 158 теңге. Жалпы республика бойынша әйелдер (2417 теңге) шаштаразының қызметі ерлерге (1 728 теңге) қарағанда 39,9% қымбат болды. Баға жағынан ең үлкен айырмашылық Қызылордада тіркелді: әйелдердікі ерлердікінен 2,1 есе қымбат. Ал ең аз айырмашылық Қарағанды қаласында – 2,1% . Мұнда әйелдердікі – 1 875 теңге, ал ерлердікі – 1 837 теңге.