Қаланың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт Медеу ауданында 5 қыркүйек күні сағат 7:49-да шыққан, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ля купель" екі қабатты монша кешені өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат пеноблоктан жасалып, ағашпен қапталған. Жалынның өзге ғимараттарға ауысу қаупі болды", – деді төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Өрттің жасырын ошағын табу үшін тепловизор қолданылған.
Ауданда су аз болғандықтан, "Алматы судан" қосымша су жеткізілді.
Ғимарат әкімшілігінің айтуынша, кешенде демалушылар болмаған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 34 қызметкері, 8 техника күші жұмылдырылды.
Өрт сағат 9.58-де сөндірілді.