Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: news.myseldon.com
158
оқылды
Аптап ыстыққа байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет". 6 қыркүйекте түстен кейін Түркістан облысының солтүстігі мен батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Өрт шығу қаупі жоғары. Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Өрт шығу қаупі жоғары. Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Оңтүстік бөлігінде төтенше өрт шығу қаупі сақталады. 6-8 қыркүйекте күндіз Алматы облысында 35-37 градус аптап күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт шығу қаупі сақталады. 6 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыс бағыттан соғады, күндіз найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.