Аптап ыстыққа байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет".
6 қыркүйекте түстен кейін Түркістан облысының солтүстігі мен батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Өрт шығу қаупі жоғары.
Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Өрт шығу қаупі жоғары.
Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Оңтүстік бөлігінде төтенше өрт шығу қаупі сақталады.
6-8 қыркүйекте күндіз Алматы облысында 35-37 градус аптап күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт шығу қаупі сақталады.
6 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыс бағыттан соғады, күндіз найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.