Боранқұл кен орнында жатақхана өртеніп, екі адам қаза тапты
Боранқұл кен орнында жатақхана өртеніп, екі адам қаза тапты
Фото: yandex.kz
182
оқылды

Бұл туралы «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп жатыр. Өртті толықтай сөндіруге «ҚазМұнайТеңіздің» өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Апаттан екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған. «ҚазМұнайГаздың» басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.