WhatsApp мессенджері iOS және Android бағдарламасының ескі нұсқасы қолданылып жүрген смартфондарда өз жұмысын тоқтатады. Компания ұялы телефондарға қатысты талаптардың жаңартылған нұсқасын жариялады деп хабарлайды РИА Новости.
2021 жылдың 1 қарашасынан бастап WhatsApp қосымшасы Android 4.0.4 нұсқасы қолданылатын смартфондарда және iOS 9 нұсқасы қолданылатын iPhone-да жұмысын тоқтатады. Әлемде аталмыш нұсқаларды әлемде әлі күнге дейін қолданатын адамдар баршылық. Жұмыс істеу үшін әлі де SIM карта және интернет қажет.
Осы орайда, WhatsApp ескі смартфон иелеріне құрылғыны жаңартуды немесе жеке деректерді сақтау үшін чат тарихын сақтап отыруды ұсынады. Бұл WhatsApp жұмысын тоқтатқан кезде қолданушы үшін тиімді болмақ. Бұған дейін WhatsApp iOS және Android-тан деректерді ауыстыру мүмкіндігін жариялаған еді. Бұл функция кейбір Samsung моделінің эксклюзиві болмақ. Деректерді ауыстыру үшін сізге USB-C — Lightning коннекторлары бар сым қажет.
Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болғанын жазған едік. Ол үшін суреттер мен видеоны "Бір рет көру" опциясының көмегімен жіберу керек. Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі. Осыған ұқсас функция Instagram желісінде де бар: қолданушы өзіне жолданған суретті немесе видеоны қарау үшін батырманы басуы қажет. Көріп болғаннан кейін ол ашылмайды. Десе де, компания қолданушылар өздігінен жойылатын фото-видеоны скринрекордердің көмегімен жазып алуы мүмкін екенін айтқан еді. "Бір рет көру" опциясы жақын арада жаңаратын мессенджерде қолжетімді болады.