Екі қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жек өткізеді
Екі қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жек өткізеді
Фото: vesti.kz
264
оқылды
12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында бокс кеші өтеді, – деп жазады Prosports.kz. Boxrec.com порталының мәліметіне сүйенсек, аталған кеште Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) гайаналық Леннокс Алленмен (22-1-1, 14 КО) кездеседі. Бұл кездесудің жеңімпазы екінші орта салмақта WBA әлем чемпионы титулына ресми үміткер болады. Кеш аясында өзге үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың екеуі вакантты WBA International белбеуіне таласады. Атап айтқанда, әуесқой бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (4-0, 2 КО) екінші орта салмақта мексикалық Бруно Сандовалмен (21-4-1, 17 КО), ал Евгений Павлов (4-0, 3) екінші жеңіл салмақта ганалық Айзек Саккеймен (25-1-1, 20 КО) аталған белдікті сарапқа салады. Тағы бір отандасымыз, ауыр салмақта бақ сынайтын Данила Семенов (3-0, 2 КО) Намибия боксшысы Викапита Мероромен (30-10, 15 КО) жұдырықтасады.