Түрме ауласына 9 смартфон лақтырған
Түрме ауласына 9 смартфон лақтырған
364
оқылды

Атырау облыстық Қыл­мыс­тық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/9 түзеу мекемесінің ауласына 30 тамызда шамамен таңертеңгі 08.30-да белгісіз ер адам скотчпен оралған 11 түйіншекті лақтырып, көлікке мініп кеткен. Түйіншектерден 9 смартфон, 8 адаптер, 1 sim-карта, 2 флэш-карта және батарейка сияқты аксессуарлар шықты.

Мекеме бастығы Думан Тәженовтің айтуынша, осындай тыйым салынған заттарды түзеу мекемесінің ауласына лақтырып кеткен ер адам Қызылқоға ау­данында тұратын 1997 жылғы азамат болып шықты. Оны  пат­рульдік полиция қызмет­керлері «Сергек» бейнебақылау камера­ларының көмегімен анықтап, қолға түсірген. Қазір күдіктіге қа­тысты ҚР Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексінің 481-бабымен хаттама тол­тырылып, сотқа жолданды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИ