Смартфондар қашан үй телефоны сияқты қолданыстан шығады?
Смартфондар қашан үй телефоны сияқты қолданыстан шығады?
Фото: Мobcompany.info
210
оқылды

Veon цифрлық өнімдерінің директоры Джордж Хелд 10 жылдан кейін адамдар смартфонды қоқысқа тастайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости-ге берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, қазір телефонның екі ғана қызметі бар.
"Біріншісі, аутентификация сіздің кім екеніңізді анықтай алады, екіншісі, байланыс, ақпарат алу. Бірақ болашақта сіздің кім екеніңізді анықтау үшін телефонның қажеті болмай қалады. Тек ол үшін бет, көз, саусақ іздері, дауыс болса, жеткілікті. Байланыс алу үшін де экранға қараудың қажеті жоқ, ақпаратты көз алдындағы қабырға немесе әйнектен IoT сенсоры көмегімен көруге мүмкіндік туады. Сондықтан телефон қоқысқа айналуы мүмкін. 10 жылдан кейін ол жойылады. Смартфонның орнын адамдар алмастырады. Мысалы, қала орталығында адасып кеткен апамызға қоңырау шалудың қажеті жоқ. Ол қабырғадағы құрылғыдан: «Үйге қалай жетемін?» деп сұраса, оған сол қабырғадан үйіне бағыт көрсетіледі", — дейді Veon топ-менеджері Джордж Хелд.
[caption id="attachment_157054" align="aligncenter" width="687"]Джордж Хелд Джордж Хелд. Фото: "Билайн" баспасөз қызметі[/caption] Оның үстіне, Джордж Хелд ұялы телефонды чип сияқты сенімсіз технология деп есептейді.
«Жаңа технологиялармен тәжірибе жасау қажет. Бірақ олардың көбі қажет емес. Біз телефонды қоңырау шалу үшін қолданамыз, бірақ 10 жылдан кейін ондай әдеттен арылатынымызға сенімдімін. Үй телефонын ұмытқанымыз сияқты», — дейді Джордж Хелд.