Sarap клубы Президент Жолдауын талқылады
Sarap клубы Президент Жолдауын талқылады
262
оқылды

Жуырда қоғамдағы маңызды мәселелерге талдау жасау үшін құрылған Sarap сарапшылар клубының басқосуы өтті. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған  жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемиядан кейінгі ауыр кезеңде елдің одан әрі дамуы мен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бастамалары кеңінен талқыға түсті.

Отырысқа елімізге белгілі бірқатар саясаттанушылар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың ара­сында «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ басқарма төрағасы Асылбек Есенбаев, ҚСЗИ қо­ғамдық-саяси зерттеулер бөлімінің бас­шысы Индира Рыстина, ЕҰУ «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Жібек Рах­метулина, «Рухани жаңғыру» орталығының стратегиялық талдау тобының жетекшісі Ләззат Нұрқатова секілді азаматтар бар екенін айта кеткен жөн. Әуелі «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ бас­қар­масының төрағасы Асылбек Есенбаев Жолдауда жақын арадағы негізгі басым­дықтар айқындалғанын айта келе, әлеу­меттік мәселелер мен халықтың әл-ауқа­тын арттыруға арналған нақты бес бастаманың ерекшелігі жайында сөз етті. «Біріншіден, Жолдауда Мемлекет басшысы іс-әрекетінің логикасы мен жү­йелілігі айқын байқалады. Бұл Елбасы саясатымен сабақтастығына да, өзінің стратегиялық және тактикалық әрекетте­ріне де қатысты. Мұнда бірнеше мысал кел­тірілген. Мемлекет басшысының зей­нетақы жинақтары мен салық жүйесін жаңғырту жөніндегі идеялар сабақтастығы жалғасын тауып жатқанын көріп отыр­мыз. Ауызсу, көлік инфрақұрылымы, мемле­кет­тік сатып алулар, Ұлттық қорды пай­далану жөніндегі өте маңызды мәселелер оның назарында», – деді бас­қарма төрағасы. Есенбаевтың айтуынша, Жолдаудың экономикалық, әлеуметтік және әдісте­мелік аспектілеріне қысқаша тоқталуына мына екі себеп әсер еткен көрінеді. «Жолдауда аталған бірыңғай Әлеу­меттік кодексті әзірлеу идеясы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландырудан гөрі азаматтарға ыңғайлы болуға бағыт­талған. Біріншіден, стратегиялық құжат­тың тұтастығын және Мемлекет басшы­сының тактикалық жан-жақтылығын атап өткім келеді. Меніңше, ол қарапайым шешімдердің, нақты жобалардың және нақты көрсеткіштердің жақтаушысы. Кейде гуманитарлық бағыттар жетіспей жататын, сол сияқты шешім ұсына алмай жатқан тұсымыз болады. Екіншіден, азаматтардың өз-өзін тануы мен Жолдауда көтерілген жеке құндылықтар жүйесін қалыптастыру мәселелері біздің инсти­туттың тікелей құзыретіне жатады және бұл тақырып сіздің кәсіби қызығушы­лық­тарыңыздың салаларымен тығыз бай­ла­нысты болғандықтан, біздің бүгінгі әң­гімеміз осы бағытта өтеді деп күтеміз», – дейді басқарма төрағасы. Бұдан кейін «Рухани жаңғыру» қо­ғамдық даму институты Қоғамдық процес­терді зерттеу орталығының жетекшісі Қазбек Майгелдинов қоғамдағы про­цестерді талдап, зерттейтін сарапшылар алаңының мақсатын түсіндірді. Оның ойынша, қоғамдағы жайттарды талдап, уақытылы баға беретін саяси алаңдардың аздығы байқалып жүр. Сол себепті сарапшылар алаңының болуы маңызды. «Биылғы Жолдаудың бірнеше ерек­шелігі бар. Әсіресе, пандемиядан кейінгі жалпы ішкі даму бойынша басты бағыт­тарды Президент атап өтті. Дегенмен күн тәртінде  Жолдау аясындағы берілген басымдықтарды және Жолдаудың ма­ңызы, стратегиялық бағыттарын түсінді­ру, талқылау тұр. Жолдауда көпшілік күткен жайт – халықтың әл-ауқатын арттыру. Пандемия кезінде елдің әлеуметтік жағ­дайы ең түйткілді мәселенің бірі болды. Яғни, көпбалалы аналардың талабы — жұмыссыздық және шағын, орта кәсіп­керлік. Биылғы Жолдау – пандемиядан сабақ алып, енді одан шығу жоспары. Дәлірек айтсақ, Президент дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбегін бағалау керегін үнемі айтады, нәтижесінде олардың жа­лақысы көтерілді», – деді Майгелдинов. Өз кезегінде ҚСЗИ қоғамдық-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина Жолдаудың құжат қана емес, жал­пы мемлекеттік жобалаудың негізгі құ­ралы ретінде бекітіліп отырғанын баяндады. «Президент Жолдауы бүгінде тек қана құжат ретінде емес, бұл жалпы мемлекеттік жобалаудың негізгі инструменті ретінде бекітіліп отыр. Жолдауда айтылған дүние­лер ары қарай мемлекеттік жобалау, жос­парлау жұмыстарының алдында тұратын құжат болып келеді. Саяси блокты талдауға көшетін болсақ, саяси модернизация төңірегінде негізгі бағыттар айқындалды. Сонымен қатар әйелдер мен жастар категориясына енді мүмкіндігі шектеулі азаматтар да кіріп жатыр. Бұл – инклюзияға деген мемлекеттің көзқарасы. Азамат құ­қығын қорғау адам құқығының мүмкін­діктерінің теңесуіне әкелетін бір фак­тор», – деді сарапшы. Басқосудың соңында Sarap талқысы­ның нәтижесінде арнайы қарар қабыл­данатыны айтылды. Барлық ұсыныстар Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігіне резолюция ретінде жолданбақ. Сарапшылар алаңы енді Жолдау кезінде ғана емес, одан кейін де жұмысын жал­ғастырып, қоғамдық-саяси процестерді назарда ұстамақ ниетте.

М.ТӨЛЕУ