Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жастық шағын есіне алып, ескі фотоларын жариялады.
"Екінші курста алып қашты": Гүлзира Айдарбекова күйеуімен танысқан сәтін есіне алды
Әншінің парақшасынан алынды
6,416
оқылды

Өзінің Іnstagram парақшасында жастық шағынан еске алып, жарымен қалай танысқанын айтып берді. 

– Алматыға арман қуып, Шымкенттен келген күнім есімде. Күн шыжып тұрған еді. Күнге қарап түсе салыппын. Керемет өмір күтіп тұрған сияқты сезілетін. Бірақ анаң сен үшін шайын дайындап, бауырларыңмен бірге ойнап-күліп отырған сәт, әр қадамыңды аңдып жүретін мұғалім мен сыныбың сағыныш болып қалатынын ойламаппын. Мектеп менсіз құлайтын сияқты еді. Бүкіл концерт пен жарыстарға қатысып, орын алып келуші едік. Ұлдар менен басқа ешкімді тыңдамайтын. Мектеп бұрышында суретім ілініп тұратын, – деп жазды продюсер. 

Оның айтуынша, күйеуі Нұртас Айдарбековпен студенттік шағында танысқан екен. 

– Мектеп бітірген жылы Нұрекең әскерден оралған.  Сол кезде таныстық. Ол Астанаға мен Алматыға оқуға түсуге кеттік. Ғашықтық маза бермей, бір жылдан кейін мені тауып алды. Мен үшін Астананы тастап, Алматыдағы Политех-ке ауысты. Екінші курста алып қашты, – деді Гүлзира Үсенқызы.