Twitter Берік Уәлидің аккаунтын бұғаттап тастады
Twitter Берік Уәлидің аккаунтын бұғаттап тастады
159
оқылды

Twitter Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің аккаунтын бұғаттап тастады.

"Қазіргі таңда Twitter аккаунтымды бұғаттауының себептерін анықтаудамын. Мен техникалық қолдау қызметіне жаздым және олардан түсініктеме күтемін. Өздеріңіз білетіндей, мен Facebook және Instagram секілді әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданамын. Мен осы әлеуметтік желі парақшаларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы халықты хабардар ету үшін қолданатын боламын, – деді Берік Уәли.
Twitter әлеуметтік желісінің веб-сайтында атаулы желінің есептік жазбаны бұғаттауы немесе оның кейбір функцияларына уақыт шектеулерін енгізуі мына жағдайларда мүмкін екенін хабарлайды. Егер ол хакерлік шабуылға ұшыраған немесе оның иесі желі ережелерін не болмаса қызмет көрсету шарттарын бұзған болса, парақша бұғатталады.