Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады.
Бұл туралы өткен айдың соңында ел аумағында коронавирус инфекциясының туындауын және таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында мәлім болған. Сол кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді арттыру мәселесі талқыланған. Сонымен бірге биыл 22 қыркүйекте QazaqAir әуекомпаниясы Ақтөбе-Қазан бағытында аптасына бір рет әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр. Ресей бағытындағы рейстерді ары қарай көбейту эпидемиологиялық жағдайға, ВАК шешіміне және РФ тиісті мемлекеттік органдарының шешіміне байланысты болады. «Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы және авиакомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады», – дейді министрлік өкілдері.Ж.МҮСіЛІМ