ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 73 жастағы қария танысының өз атына несие алғанына шағымданған.
Зейнеткердің айтуынша, әңгімеге тартқан алаяқ қарияның жеке деректеріне қол жеткізген.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.«Жәбірленушіге 1 300 000 теңге залал келді. Полицейлер көп ұзамай күдіктіні анықтады. 48 жастағы жергілікті тұрғын полиция бөлімшесіне жеткізілген», – деді полицей.