Алматыда ер адам әйелден ірі көлемде ақша бопсалаған
Алматыда ер адам әйелден ірі көлемде ақша бопсалаған
©caravan.kz
161
оқылды

Алматыда әйелден 12 миллион теңге бопсалаған 40 жастағы ер адам ұсталды.

Криминалдық полицейлердің айтуынша, ақша табудың бұл әдісін "Шаңырақ" ықшамауданының тұрғыны қолданған. Бұрын ер адамның ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

"Полицияға 23 жастағы қыз арызданды, ол анасының танысы әлеуметтік желіде интимді сипаттағы суреттер мен видеоларды жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы 12 миллион теңге талап етіп отырғанын айтты", – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Бұл факт Қазақстан қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол танысынан бопсалаған ақшаның бір бөлігін алғанын мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.