Арыс қаласында атын атамауды өтінген кәсіпкер мектеп салып жатыр
Арыс қаласында атын атамауды өтінген кәсіпкер мектеп салып жатыр
©adyrna.kz
544
оқылды

Білім алу үшін өзге ауылға сабылған балалар енді өз мектебінде оқиды. Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елдімекенінде 150 орындық мектеп салынып жатыр. Бұл білім ордасы мемлекет есебінен емес, жеке кәсіпкердің қаражатымен тұрғызылуда.

Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Инвестордың игі ісі тек жергілікті ұл-қыздарға емес, осы орта білім ордасына жұмысқа тартылатын 50 азаматқа да пайдасын тигізбек. Кәсіпкер құрылысқа өз қалтасынан 600 миллион теңге бөлген.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.

"Мына елдімекенге мектеп салу жоспары болған. Осы іс қала әкімі мен халықтың қолдауымен  жолға қойылды. Енді оқушылар ұзаққа бармай, қыста жаурамай, мектеп жақын жерден болсын деп осы істі бастадық", - дейді кәсіпкер Клара Нұрманова.

2,5 гектар аумақты алып жатқан мектептің өз спорт алаңы да болады. Нысан құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс.   Десек те, мердігер компания нысанды алдағы оқу жылында толық бітіріп, пайдалануға беруді көздеп отыр.
Негізі, Онтам ауылында "Ынтымақ" атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп қана бар. Ол жерде 1 - 4-сынып аралығындағы 50 бала білім алады. Ал 5 - 11- сынып аралығындағы 42 ұл-қыз Ақдала ауылындағы мектепке қатынап оқиды.