ШҚО-да жанармай таситын көлік апатқа ұшырады
ШҚО-да жанармай таситын көлік апатқа ұшырады
142
оқылды
Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жанармай таситын көліктің қатысуымен жол апаты орын алған. Бірнеше тонна жанармай жолға төгілген. Апат Өскемен – Риддер тас жолында болған. Жарақат алған екі адам бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жанармай құю цистернасында 17 тонна жанар-жағармай болуы мүмкін. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы туралы ештеңе айтылмаған.