Елімізге Vero Cell вакцинасының кезекті 3 миллион дозасы жеткізілді - Цой
Елімізге Vero Cell вакцинасының кезекті 3 миллион дозасы жеткізілді - Цой
234
оқылды

Қазақстанға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Vero Cell коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық вакцинаның кезекті партиясы әкелінді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-те хабарлады.

«Қазақстанға VEROCELL SINOPHARM вакцинасының кезекті 3 миллион дозасы жеткізілді», – деп жазды Цой.
Еске салайық, Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға 10 тамызда Эйр Астана арқылы жеткізілді. Екінші партия келесі күні, сейсенбіде жеткізілді. Авиакомпания екі рейсте «СҚ-Фармация» ЖШС тапсырысы бойынша Қазақстанға препараттың 1 миллион дозасын әкелді.