Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады
Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады
©inbusiness.kz
195
оқылды

Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында авторландырылған пайдаланушы "Цифрлық құжаттар" бөліміне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфонның экранындағы QR-кодты көрсету қажет. Цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде жұмыс істейді және әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары арасында қолжетімді.
Осы әуежайлар қызметін пайдалануды жоспарлаған жолаушылардың пилоттық жоба кезінде жеке куәлігінің түпнұсқасын да өзімен бірге болғаны жөн.