Қазақстанда соңғы тәулікте 4 106 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, вирус жұқтырғандар саны қайтадан өсті. 6 қыркүйек күні олардың саны тәулігіне 3 583 адам болған еді.
Жалпы, індетке шалдығу көрсеткіші қыркүйектің басында түсе бастаған болатын. 3 қыркүйекте 4 830 адамнан індет анықталса, бір күн өткенде олардың саны 4 568-ге түскен. Алайда 7 қыркүйектен бері қайта өсті. Індет жұқтырушылар саны Алматы қаласы мен Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында әлі де азаймай тұр. Ал Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар саны 426-ға жеткенін айтты. Ел бойынша коронавирусқа байланысты түрлі мектептегі 241 сынып карантинге жабылыпты.А.СҰЛТАН