Оқушыларды қорлағаны үшін мұғалімге қатаң сөгіс жарияланған
Оқушыларды қорлағаны үшін мұғалімге қатаң сөгіс жарияланған
©inform.kz
761
оқылды

Шахтинск қаласының білім бөлімі балаларды "ақымақ маймылдар" деп атаған №6 орта мектептің мұғаліміне қатаң сөгіс жариялады.

Басқарма мәліметінше, этикаға жат мінез-құлық жасаған мұғалім білім беру жүйесінде жұмыс істегеніне 20 жылдан асқан. Ал №6 мектепте мұғалім болғанына үш жыл болыпты. Ол 8 "В" сынып оқушыларын қорлап, ақымақ маймылдар деп атаған. Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желілерге таратқан.

"Ішкі тергеу мен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша, мұғалімге қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ жағдайды шешу үшін мектеп әкімшілігі ата-ана жиналысын өткізеді", - деді Шахтинск қаласының білім бөлімі қызметкерлері.
Жиналысқа мұғалімдер мен оқушылардың ата-анасы, сонымен қатар Педагогикалық этика кеңесінің мүшелері қатысқан. Мұғалім оқиғаның себебін түсіндіріп, өзінің жат қылығы үшін кешірім сұраған.
"Педагогикалық этика нормаларын сақтау және Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымында осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында педагогикалық этика ережелерін сақтау мәселесін қарау үшін тұрақты отырыстар өткізіледі", - деді департамент өкілі.