«Ақымақ маймылдардың кесірінен сыныптар карантинге жабылады» – мұғалімнің жүйкесі неге сыр берді?
«Ақымақ маймылдардың кесірінен сыныптар карантинге жабылады» – мұғалімнің жүйкесі неге сыр берді?
Фото: news.myseldon.com
302
оқылды

Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желіде таратты, – деп жазды Tengrinews.kz.

Аудиожазбада мұғалімнің оқушылардан мектеп дәлізінде тек маска тағып жүруін талап еткенін және карантин режимін бұзған балалардың ата-анасына айыппұл салынатынын айтып қорқытқаны естіледі.

Мұғалім балаларға: «Егер тағы бір рет біреуіңді, дәлізде маска тақпай жүрген бір маймылды көрсем, оның анасы немесе әкесі осында тұрып, айыппұл толтырады. Мұндай ақымақ маймылдардың кесірінен сыныптар топ-тобымен карантинге жабылады. Екі күнде екі сынып карантинге жабылды. Мен сендер сияқты маймылдарға масканың не екенін, дәлізде неліктен маска тағып жүру керек екенін, кімдер тәуекел тобына кіретінін түсіндіруге міндеттімін. Ал егер сендер мұны түсінбейтін ақымақ болсаңдар, онда ата-анаң келіп, ақ параққа қара қаламмен жазып берсін: менің ұлым немесе қызым ақымақ, түсінбейді. Онымен қоса мен де...», – дейді.

Аудиожазба оқушылардың ата-анасы тіркелген WhatsApp-тағы чаттарда таралып, көпшіліктің ашуын туғызған. Олар білім бөліміне шағымданып, жазбаны жергілікті әкімдіктің Telegram-арнасына жіберген. Ата-ана балалар мұндай қорлау сөзді жиі еститінін айтып шағымданатынын жазған. Шахтинск қаласының білім бөлімі мән-жайды түсіндірді. Департамент ертең Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы болатынын, онда бұл мәселе қаралатынын айтты.

«Қарағанды облысының Білім басқармасы Шахтинск қаласындағы мұғалімнің мінез-құлқына құқықтық баға беретінін қосымша хабарлаймыз», – деді басқарма өкілі.