Зейнеткерлер қатары азайды
Зейнеткерлер қатары азайды
584
оқылды

Қазақстанда зейнеткерлер саны кеміп барады. Нақты­лай кетсек, жыл басында еліміздегі зейнеткерлер саны 2 миллион 247 мың адам болған. Ал 2021 жылғы 1 қыр­күйек­тегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 235 мың адам болды.

Жыл басынан бері қазақ­стан­дықтарға 1,7 триллионнан астам теңгеге зейнетақы тө­ленді. 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында респуб­ли­ка­лық бюджеттен ба­за­лық зей­нетақы төлеуге 547 миллиард тең­ге, ынтымақты зей­нетақы тө­­лем­деріне 1 триллион 236,7 млрд теңге бөлінген. 2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зей­нетақы төлемдеріне 221,8 млрд тең­ге, оның ішінде базалық зей­нетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 153,7 млрд теңге бөлінді. Қазақстанда зейнетақы тө­лемдерінің орташа мөлшері биыл­ғы қыркүйекте 99 857 теңге межесіне жетті.

Елдос СЕНБАЙ