Қызылорда шенеуніктері жиі тәртіп бұзады
Қызылорда шенеуніктері жиі тәртіп бұзады
© azh.kz
199
оқылды

Жыл басынан бері Қы­зылорда облысында қыз­мет көрсету талаптарын бұзған мемлекеттік орган­ның басшыларына жалпы сомасы 393 мың 795 теңге құрайтын 10 әкімшілік айып­пұл салынған.

Айыппұл арқалаған басшы­лардың қатарында кент әкімі, аудандық бөлім басшыларынан бастап облыстық басқарма бас­шысы мен Қызылорда қаласының басшылығы да бар. Мемлекеттік қызметтерді көр­­сету барысында кездесетін заң­­бұ­зушылықтардың негізгі се­бебі – мерзімдерді сақтамау және қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту. Жер учаскесінің нысаналы мақ­сатын өзгертуге шешім берудің мер­­­­­зімін бұзғаны үшін Қызылорда қа­ласы әкімінің міндетін атқарған ке­зінде қазіргі әкім орынбасары Бек­тас Нуридиновке 3 әкімшілік хат­тама толтырылып, айыппұл салынған. Сондай-ақ жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге ор­наластыру жобаларын бекіту қыз­метінің тәртібі мен мерзімін бұзға­ны үшін облыстық Жер қатынас­тары басқармасының басшысы 2 рет әкімшілік айыппұл төлеген. Бұдан басқа, Жаңақорған ауда­нының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін үш ай ішінде екі рет бұзып, айыппұл арқалаған. – Жыл басынан бері Қызыл­орда облысында мемлекеттік көр­сетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тар­тылғандар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе артқан. Департамент мемле­кет­­тік көрсетілетін қызметтер көр­сету саласына бағалау және бақылау жүргізетін уәкілетті орган ретінде ай сайын мемлекеттік ор­гандармен көрсетілетін қыз­мет­терге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, бұзу­шылықтарды анық­тап, жауапты тұлғаларды әкімшілік және тәр­тіп­тік жауапкершілікке тартып оты­рады, – дейді Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің Қызыл­орда облысы бойынша департа­ментінің басшысы Рафхат Бисенов. Айта кету керек, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңбұзушылықтарға жол бергені үшін өткен жылы 12 әкімшілік хаттама толтырылып, 437 мың 257 теңге өндірілген екен. Соның ішінде Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас­шысы 4 рет, Қызылорда облы­сы­ның Табиғи ресурстар және та­биғат пайдалануды реттеу басқар­масы­ның бөлім басшысы 3 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы