Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстанның барлық өңірінде жұма намазын мешіттердің ауласында оқуға рұқсат етілді. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған болатын.
Жұма намазы оқылатын мешіттер бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маскалар киюін қамтамасыз ету міндеттелген.
Сондай-ақ ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) кіруге міндетті түрде маска болған жағдайда рұқсат етіледі. Ғибадат үйлерінде намаз оқу бір адамға 4 метрден кем емес есеппен қашықтықты сақтау кезінде жүзеге асырылады.