Маңғыстауда көлік жартастан құлап, бір адам көз жұмды
Маңғыстауда көлік жартастан құлап, бір адам көз жұмды
Фото: Ашық дереккөзден
226
оқылды
Маңғыстауда жартастан құлаған көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. 8 қыркүйек күні түнгі сағат 00:10-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне тұрғыннан күйеуінің жоғалып кеткені туралы қоңырау түседі. Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз Opel Vectra автокөлігімен шығып кеткен. Әйел онымен телефон арқылы сөйлескен, содан кейін күйеуі хабар-ошарсыз кеткен. Полиция қызметкерлері түні бойы аудан бойынша іздеу жүргізеді. Келесі күні таңғы сағат 9:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары Қызыл-Өзен кентінде аталған автокөлікті табады. Белгілі болғандай, Opel Vecrta автокөлігі жартастан құлап кеткен. Көлік салонында тек жүргізуші болған. Құлаған кездегі жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.