Талдықорғанда жол апатынан 2 адам қаза тапты
Талдықорғанда жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: novostipmr.com
186
оқылды

Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.

Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41-шақырымында болды. Toyota Carina мен Audi 80 соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Toyota-ның төрт жолаушысы Үштөбе қаласының орталық облыстық ауруханасына жеткізілді.   https://youtu.be/ui0xYUFgEy8   Апаттың себебі тергеуден соң анықталады.