Полицейлер бір аптада 11 кісі өлтіру дерегін әшкереледі
Полицейлер бір аптада 11 кісі өлтіру дерегін әшкереледі
Фото: inbusiness.kz
183
оқылды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, бір аптада 3 354 қылмыс тіркелді. Оның 2 273-і бір тәулікте ашылды.

Полицейлер 11 кісі өлтіру, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 1 қарақшылық, 35 тонау және 536 ұрлықты анықтаған.

Бұған дейін жылқыны тірідей көлік салонына сыйғызып, ұрлаған ұрылардың ұсталғанын жазған болатынбыз.