Агенттік Таразда жылу бағасын негізсіз көтеруді көздегендерді анықтады
Агенттік Таразда жылу бағасын негізсіз көтеруді көздегендерді анықтады
Фото: www.gov.kz
454
оқылды

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Рахманқұлов, Е. Өмірғали, Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қаржы басқармаларының басшылары Қ.Қорғанбаев пен Ж.Сапаралиев, Қоғамдық кеңес мүшелері, агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар «Stop-обнал» жобалық кеңсесінің қызметі аясында Тараз қаласындағы «Таразэнергоцентр» АҚ жылу тарифтерінің негізсіз көтерілуін талқылады. Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сәлімбай Шунеев атап өткендей, коммуналдық қызметтерге тарифтерді жоғарылату – халықты толғандыратын маңызды әлеуметтік мәселе. Бұл әсіресе жылыту маусымы қарсаңында өзекті.    width= Бұған дейін хабарланғандай, Агенттік жабдықтарды жөндеуге жалған жұмсалған «Таразэнергоцентр» АҚ-мен 2,2 млрд теңгені жымқыру дерегінің жолын кесті. Сондай-ақ, Агенттік акционерлік қоғамның «Табиғи монополиялар туралы» заңды бұза отырып, электр энергиясын тұтынушылар үшін жылу тарифтерін негізсіз көтеруді көздегенін анықтады. Егер алдын алмасақ, Тараз қаласының 366 мыңнан астам тұрғыны артық қаржы төлеуге мәжбүр болатын еді. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Агенттік тұтынушылардың құқықтарын қорғап қана қоймай, қоғамдық резонанстың алдын алды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері Агенттіктің негізгі және халықаралық қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілердің 15 жобасын қарастырып, ұсыныстар әзірледі.

Азаматтар осы НҚА жобаларымен «Ашық НҚ» порталында https://legalacts.egov.kz/list?governmentld=7679240 сілтемесі бойынша танысып, комментарийлер қалдыра алады.