Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
«е-Salyq Azamat» қосымшасына төленбеген айыппұлдарды тексеру мүмкіндігін қосты. Қосымша арқылы айыппұл түрін және мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, «Реквизиттер бойынша төлеу» қызметінде жүзеге асыруға болады.
Бұл функция қолжетімді болуы үшін AppStore және/немесе PlayMarket -те мобильді қосымшаны жаңарту қажет (мобильді құрылғы моделіне байланысты).
Жалпы, «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын қолданушылар саны 700 мың адамға жетті.
Қазіргі кездегі ең сұранысқа ие қызмет – Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде декларацияны тапсыру қызметі. Бүгінгі таңда мобильді қосымшаның көмегімен 308 405 қазақстандық декларациясын тапсырды.
«е-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады.