Белгілі әнші комаға түскенде не көргенін айтып берді
Белгілі әнші комаға түскенде не көргенін айтып берді
© sessionsmusic.com
405
оқылды
Белгілі ресейлік әнші Максим тележүргізуші Ксения Собчакқа сұхбат беріп, комада жатқанда не көргенін айтып берді.
«Табыттың бетін жапқан соң жаңа өмір басталады. Комада жатқанда мүлдем басқа өмірді көрдім. Біздің қазіргі өміріміз о жақтағы өмірге қарағанда жалған екен», – дейді МакSим.
Оның айтуынша, көргені түске ұқсамайды. Өзін ұшып бара жатқандай жақсы сезінген, өлім қорқынышы болмаған.
«Мен бір кабинамен төмен түсе бастадым. Онда қыс болды. Белгісіз адамдар бір-біріне суық су құйды. Маған да құйды. Мен тоңбадым. "Ол үшін дұға жасап жатыр" деген сөзді естідім. Адамдар келіп, "сенімен қоштасқысы келеді" дегендей болды, мен келістім.  Жоғары көтеріле бергенде күн көрінді, бірақ әлдекім қозғалтқышты басып, үлкен жылдамдықпен төмен түстік. Есімді жиған кезде екі рет жүрегім тоқтап қалғанын айтты», – деп есіне алады әнші.
38 жастағы әнші 19 маусымда пневмония жұқтырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны белгілі болды. Ол екі ай бойы комада жатты. 13 тамызда ауруханадан аман-есен шықты.