Кебек бағасы рекорд орнатты
Кебек бағасы рекорд орнатты

Биыл еліміздің бірқатар өңірінде қарапайым кебек бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін қымбаттады. Мысалы, Ақтөбедегі ұн комбинаттары бидайдың 1 тоннасы үшін 110 мың теңге, ал қалдық саналатын кебектің 1 тоннасы үшін 90 мың теңге сұрайды. Осыған орай антимонополиялық орган нарық қатысушыларының баға бойынша ымыраласуын тексеруге кірісті.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өңірдегі кебек сату нарығындағы бәсекелес­тіктің жай-күйіне талдау жүргізе бастады. Талдау жүргізуге Ақтөбе облысында кебек бағасының күрт өсуі негіз болды: бұл мал өсіру­ші­лердің алаңдаушылығын туғызды. Облыс фермерлерінің ақпара­тынша, осы жылдың көктемінде кебектің 1 тоннасы 57 000 теңге ғана болған. Қазір тоннасының бағасы екі еседей, яғни 90 000 тең­геге дейін өсті. Талдау қорытындысы бойынша, кебектің қымбаттауы қан­ша­лықты негізді екені анықталып, баға берілетін болады. Бәсекелес­тікті қорғау саласындағы заңна­маны бұзу белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары дереу қабыл­да­нады.

Ерік ЕРДЕНОВ