"Қазгидромет" РМК 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақмола облысының батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
15 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.