Мұнайлы ауданына 150 орындық аурухана салынады
Мұнайлы ауданына 150 орындық аурухана салынады
390
оқылды

«Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық Ұлт денсаулығы жөніндегі кеңес отырысы өтті. Онда денсаулық сақтау саласындағы Жол карталардың орындалуы мен республикалық кеңестің шешімдері бойынша өңірлік кеңестердің қызметі туралы есеп тыңдалды.

Кеңес жұмысына «Nur Otan» пар­тия­сы Маңғыстау облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фрак­ция­сының мүшесі Ж.Мұханбетқалиқызы жә­не Маңғыстау облыстық Денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы А.Жұ­мыров қатысты. Жиында аймақтық Ұлт денсаулығы мә­селелері жөнінде кеңес төрағасы А.Өріс­баев «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ­дарламасының орындалуы туралы және денсаулық саласындағы атқарылған жұ­мыс­тар туралы есеп берді. Сонымен қа­тар көптен бері шешімін күттірген Мұ­найлы ауданы Маңғыстау ауылындағы көп­салалы 150 орындық аудандық ауру­хана құрылысына республикалық бюд­жеттен қаражат бөлу жөнінде ұсынысын біл­дірді. Қазір аталған аурухананың құжаттары дайын. Мұнайлы ауданында орталық ау­дандық аурухана құрылысының жо­ба­сы әзірленді және мемлекеттік сарап­та­ма­ның оң қорытындысы шықты. Жоба­ның жалпы құны – 13 083 169,9 мың тең­ге. 2021 жылғы 21 мамырда нысан құры­лысына конкурстық рәсімдер жария­ланып, бүгінде мердігер мекеме анық­талды. ⠀ Айта кетейік, бүгінде Мұнайлы ау­да­нында 170 мыңнан астам халық бар. Тұр­ғындар аудандық аурухананың жоқ­ты­ғынан Ақтау қаласына келіп емделуге мәж­бүр. Халық саны шамадан тыс көп болуы салдарынан облыстық аурухана­лар­­ға күш түсуде. Сол себепті аудандық ау­­ру­хананы тез арада қолданысқа беру ке­­зек күттірмейтін мәселеге айналып отыр.

Әбілмансұр ЖАСАН