Ауруханадан шығып, орманда өлген әйелге қатысты тексеру аяқталды
Ауруханадан шығып, орманда өлген әйелге қатысты тексеру аяқталды
Фото: m.ustinka.kz
230
оқылды

Комиссия қорытындысы бойынша Аршалы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері қолданыстағы заңнама нормаларын бұзған жоқ.

60 жастағы науқас биыл 21 тамызда Шортанды аудандық ауруханасының жолдамасы бойынша Аршалы аудандық ауруханасының стационарына түскен. Әйелдің жүрек айну, құсу, бас ауруы, ентігу, жалпы әлсіздік, сирек құрғақ жөтел және кеудедегі ыңғайсыздық туралы шағымдары болды. Келесі күні сағат 19:41-де жағдайдың теріс динамикасы мен ауырлығын ескере отырып, консилиумның шешімімен ол қарқынды терапия палатасына, ал 26 тамызда жалпы палатаға ауыстырылған. Дәрігерлер 6 қыркүйек күні сағат 13:15 кезінде науқасқа жазылып шыққанын айтқан. Әйел дәрігерге баласы келгенде ғана бөлімшеден шығатынын жеткізген. Сағат шамамен 14:15-те науқас медбикеге ұлының келгенін және үйіне шыққысы келетінін айтады. Әрі қарай кезекші медбике оған бөлімшеден шығуға көмектескен.

«Пациентті ауруханадан шығару туралы мәліметтерді сенім білдірген адамдарға беру мәселесі заңды түрде айқындалмаған. Тиісінше, Аршалы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері қолданыстағы заңнама нормаларын бұзған жоқ», – деді басқарма өкілі.

Тек сағат 16:00-де науқастың артынан бір ұлы келді, оған олар әйелдің кетіп қалғанын хабарлайды. Осыдан кейін әйелді іздеу басталды.

«Сағат 17:00-де іздеуге медицина қызметкерлері де қосылды. Қызметкерлер такси жүргізушілерімен сұхбаттасып, жақын маңдағы барлық сауда нүктелерін, науқастың фотосуреті түскен дүкендерді аралап шықты. Екі күн бойы дәрігерлер Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірге түнгі сағат 01:00-ге дейін іздестіру жұмысын жүргізді. Біз саяжай учаскелерін аралап, жақын маңдағы барлық қараусыз қалған ғимараттарды аралап, өзен бойымен жүрдік. Екі күннің ішінде іздеуге 60-тан астам адам жұмылдырылды», – делінген басқарма хабарламасында.

Іздестіру нәтижесінде, 9 қыркүйекте вокзал маңындағы орманнан әйелдің денесі табылды.