Ақсу қаласында анасы 3 баласын үйде қалдырып кеткен
Ақсу қаласында анасы 3 баласын үйде қалдырып кеткен
© nazarnews.org
122
оқылды
Ақсу қаласында анасы үш баласын үйде қалдырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақсу қаласының полицейлері қорғаншылық органдар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасыларды тексеру бойынша рейд жүргізді.
– Мәселен, 27 тамыз сағат 18:45 шамасында 8, 5 жасар және екі айлық үш баласы бар әйел тұрып жатқан пәтерді тексеру кезінде инспекторлар ішке  кіре алмады. Полицейдің сұрағына балалардың үлкені жауап берді, ол анасының таңертең кетіп, оларды жауып тастағанын айтты. Ұзақ уақыттан кейін балалардың анасының қайда жүргенін анықтау мүмкін болмады. Полиция қызметкерлері ТЖ қызметкерлерін шақырып, пәтердің алдыңғы есігін ашты. Пәтерде балалар жалғыз болды, олардың ең кішісі екі айлық екен. Балалар аш болды, заттар жерде шашылып жатты, тоңазытқышта алкогольдік ішімдіктен басқа тамақ жоқ. Екі айлық қызды 8 жасар ағасы пакеттегі сүтпен тамақтандырған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция көршілерден сұхбат алды, олар бұл отбасындағы ересектер балаларды үнемі ұзақ уақыт жалғыз қалдыратынын айтты.
– Полиция қызметкерлері мен қорғаншылық органдары балаларды отбасынан дереу алып кетуге шешім қабылдады. Барлық балалар Павлодар қаласының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Анасы үйге шамамен тек сағат 23:00-де келді.  Павлодар қаласына барып жұмыс істеуге мәжбүр екенін түсіндірді. Айтпақшы, анасы мен бірге тұратын адам бұрын сотталған және ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта 34 жастағы ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал сотқа жіберілді, – деп атап өтті полициядан.
Сондай-ақ Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты анасын балаларына қатысты ата-ана құқықтарынан айыруға талап арыз дайындайды. Балалардың тағдырын сот шешеді. Айта кету керек, жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 335 заңды өкілді жауапкершілікке тартты.