Дәрігерлер 7 жастағы қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алды
Дәрігерлер 7 жастағы қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алды
Фото: astana.gov.kz
353
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, былтыр №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ойыншықтан зардап шеккен 162 балаға көмек көрсетілген. Ірілі-ұсақты әртүрлі заттарды жұтып қойған 162 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

«Негізінен, түйме, моншақ, қашықтан басқару пультінің батареялары сияқты әртүрлі ұсақ заттарды жұтып қойған 1-5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы – магниттер. Көбінесе мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады», – дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Оның айтуынша, 56 баланың өңешінен, 80 баланың асқазанынан әртүрлі ұсақ заттар шығарылды. 30 бала тыныс жолына тұрып қалған заттардан зардап шекті.    width=

«Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық (МРТ) зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жасар қызға операция жасалды. Тексеру кезінде дәрігерлер баланың мұрны магнитпен бітеліп қалғанын анықтады. Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді. Ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықтады. Нәтижесінде, біз 100-ден астам кішкентай магнитті шығардық», – деді хирургия бөлімінің жетекшісі Ринат Байгиреев.

Бұған дейін басына кастрюль кептеліп қалған баланы құтқарған мамандар туралы жазған болатынбыз.