Азаматтарды қабылдады
Азаматтарды қабылдады
292
оқылды

Қызылорда облыстық мәс­лихат депутаты Аманжол Оңғарбаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөл­месінде азаматтарды жеке мә­селелері бойынша қабылдады.

Халық қалаулысының қабылдауына қа­тысқан тұрғындар әлеуметтік көмек, ден­саулық мәселелеріне қатысты өті­ні­ш­терін білдірді. Сондай-ақ аталмыш кез­десуге елдік, руханият мәселесіне алаң­да­ған жандар да келді. Солардың бірі қа­ла тұрғыны, білікті педагог Рахат Нау­рызбаева. Ол ұрпақ тәрбиесіндегі балалар әдебиетінің рөлін айта келіп, маңыз­ды ұсынысын жеткізді. Осы ма­қ­сатта 2021 жыл – Балалар әдебиеті жылы аясында облыс орталығында балаларға арналған ғылыми орталық ашылса деген тілегін айтты. Сонымен қатар Рахат Нау­рызбаева балалардың ойлау деңгейіне лайық, сана-сезімін жетілдіретін шығар­малар басып шығаруға қолдау қажет еке­нін тілге тиек етті. Аманжол Сақыпұлы аталған ұсы­ныс­қа байланысты пікірін білдіріп, «Сыр медиа» серіктестігінде бұл бағытта қол­ға алынған бірқатар бастаманы атап өтті. – Балалар шығармашылығын да­мыту – рухани қажеттілік. Алайда соңғы жылдары балалар әдебиетінің біршама ақсағаны жасырын емес. Мемлекеттік сыйлық алғандардың ішінде бірде-бір балалар жазушысы жоқ, мемлекеттік тап­сырыспен кітабы жарық көрген ав­торлар қатарында да балалар әдебиетіне қалам тартқан азаматтардың қатары аз. Сондықтан Балалар әдебиеті жылында Қызылорда қаласынан балаларға арнал­ған ғылыми орталық ашу, балаларға ар­налған шығармалар жазу туралы ұсы­ныс құптарлық ой, – дей келе мәслихат де­пу­таты бұл ұсынысты тиісті сала ма­ман­дарына жеткізетінін айтты. Қоғамдық қабылдауға Сыр елінің ту­масы, ақын Шәмшия Жұбатова да қа­т­ысты. Балалар әдебиетіне қалам тар­тып жүрген ақын алдағы уақытта Ұлыбританияда өтетін өнер фестиваліне баруды жоспарлап отырғанын баяндады. Қоғамдық қабылдау соңында Қы­зыл­орда облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев кездесуде көтеріл­ген мәселелерді зерттеп, көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылатынын жет­кізді.

Әбілмансұр ЖАСАН