Қарағандыда құрылыс алаңында жас жігіт тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды
Қарағандыда құрылыс алаңында жас жігіт тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды
Фото: Zakon.kz
391
оқылды
Қарағандыдағы «Сапфир» ТК құрылыс алаңында 20 жастағы тас қалаушы 9 қабаттан құлап кетті, жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні кешкі сағат 18:20-да болған. Тас қалаушы жас жігіт «Сапфир» тұрғын үй кешенінде үй салатын құрылыс бригадасының құрамында жұмыс істеген. Жігіт құрылыс нысанының 9-қабатынан құлап кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Бұл нысанда қайтыс болған жігіттің ағасы мен әкесі де жұмыс істейді.