Алматыдағы атыс: ер адам үйдің жаңа иесін атып тастаған
Алматыдағы атыс: ер адам үйдің жаңа иесін атып тастаған
Фото: sputnik.kz
504
оқылды
Алматыдағы "Ақбұлақ" шағынауданында болған атыс кезінде қаза тапқандардың бірі үйдің жаңа иесі болып шықты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рүстем Абдрахманов айтты.
"Қаза тапқандардың ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы мен екі адам бар. Олардың бірі – үйдің жаңа иесі болған", – деді ол. 
Оның айтуынша, күдікті аңшы қаруымен атыс шығарған. Бүгін, 20 қыркүйекте 17.00-де "Ақбұлақ" шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болған еді. https://www.youtube.com/watch?v=x35W2s1fUCw