ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамдардың ұрлық жасауына iPhone маркалы телефон алуға ақшасының жетпеуі себеп болған. Сөйтіп, екеуі жайылымнан бірнеше бас ұсақ малды ұрлап кеткен.
Сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған екеуі ОВ-156/1 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
ОВ 156/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Мақсат Бақатбаевтың айтуынша, соңғы уақытта мал ұрлығы көп. Малға чип қойылса, жоғалса табу оп-оңай. Ұры жауапқа тартылады.