Телефон сатып алу үшін мал ұрлаған 20 жастағы екі жігіт 5 жылға сотталды
Телефон сатып алу үшін мал ұрлаған 20 жастағы екі жігіт 5 жылға сотталды
Фото: gorodglazov.com
226
оқылды

ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамдардың ұрлық жасауына iPhone маркалы телефон алуға ақшасының жетпеуі себеп болған. Сөйтіп, екеуі жайылымнан бірнеше бас ұсақ малды ұрлап кеткен.

Сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған екеуі ОВ-156/1 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

ОВ 156/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Мақсат Бақатбаевтың айтуынша, соңғы уақытта мал ұрлығы көп. Малға чип қойылса, жоғалса табу оп-оңай. Ұры жауапқа тартылады.