Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысына іздеу жарияланды
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысына іздеу жарияланды
342
оқылды
Ақмола облысында мектеп оқушысы жоғалды, полиция осы іске қатысты мәлімет таратты. Ақмола облысы Полиция департаменті із-түзсіз жоғалған 9-сынып оқушысы Аягөз Сағындыққызы Қапезованы іздеп жатыр. Туған жылы: 28.05.2006ж. "Ол 20 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен, қазір қай жерде екені белгісіз", – деді полициядан. Қыздың белгілері: бойы – 160-170 см, қара шашты, көзі қоңыр, ерекше белгілері жоқ. Ол сұр куртка, көк джинсы, қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге 8-777-510-50-17 нөмірлі Samsung маркалы ұялы телефоны, қара түсті рюкзагы болған. Полиция анықтағандай, оқушы 22.03.1997 жылы туған Өзбекстан азаматы Мамедов (Маметов) Наурызбай Асылбекұлымен (кезбе) бірге болуы мүмкін. Оның белгілері: бойы – 160-170 см. Шашы қара, қысқа, көзі қоңыр, ерекше белгілері жоқ. Көк түсті киім киген.  width=

Фото: zakon.kz